12.04.2023 ж. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен дәстүрлі IV облыстық хореографиялық "Биле, өнер шарықта" байқауы өтті.
Қазақ халқының ұлттық биі мен еркін таңдаудағы халықтық биін орындау кезеңдерінен тұратын бұл байқауға қатысу үшін қала және аудан мектептерінен 14 ансамбль мен 7 солист өтінім білдірді.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Өнер және мәдениет" кафедрасының аға оқытушылары Х. Е. Караматуллаева (қазылар алқасының төрағасы), Г.А. Серікбаева және Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының педагог-хореографы Д.О.Кебеева қазылық етіп, нәтижесінде бас жүлдені "Бозторғай" ансамблінің мүшесі Мирхалыкова Хилола иеленсе, 1 орынды "Аяла" би тобы
мен № 42 мектеп оқушысы Д. Б Серікәлі, 2 орынды "Есеназ" ансамблі, "Шабыт"би тобы, ал 3 орынды "Кербез", "Арнау" ансамблдері алып, дипломдармен марапатталды.