26.02 2026 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Фортепиано» апталығында оқытушы А.О. Орлова «Тең мүмкіндіктер педагогикасы» тақырыбында фортепианоны инклюзивті оқыту бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағының негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен студенттермен жұмыс істеу әдістерін педагогтерге үйрету, музыкалық білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Шеберлік сабағы барысында көзі көрмейтін білім алушылармен жұмыс жүргізудің әдістері көрсетіліп, жан-жақты талданды.