Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Актер және хореография» ПЦК-сы «Хореография өнері» мамандығы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының халықтық білім үздігі, ЮНЕСКО құрамының мүшесі: Привалова Ольга Николаевнаның «Формирование и развитие координации на уроках классического танца» тақырыбында студенттерге арналған шебер-сыныбы өткізілді.
«Хореография өнері» мамандығының сабағында би залдарындағы қозғалыстар мен олардың комбинацияларының орындау техникасын және терминологиясын сауатты пайдалана отырып негізгі әдіс-тәсілдерді білімгерлерге және оқытушыларға ұсыну, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатына жете білді.
Оқытушы шебер-сыныпта білімгерлер арқылы станок жанында экзерсис және зал ортасында көрсетіп тәжірибесімен бөлісті.