Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 04.05.2023 жылы Мамыр мерекелері және Жеңіс күні қарсаңында колледж қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен еліміздің егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу, азаматтардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды.
Бір мезгілде жазылған диктантқа колледж бойынша 362 адам белсенді қатысты. Диктант мәтіні 141 сөзден тұрады, күрделілігі жағынан бәріне қолжетімді.