02.11.2026ж күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Эмоционалдық интеллект: сезімдер әлеміндегі түсіністік пен қарым-қатынас кеңістігіндегі навигация» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараның түрі-веб-квест.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен практикалық жаттығулар орындап, өз эмоцияларын тануға, сезімдерін дұрыс жеткізуге және бір-бірімен өзара түсіністік орнатуға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысты.
Тренинг соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерімен алмасты.
Осындай іс-шаралар тұлғалық дамуға, эмоционалдық сауаттылықты арттыруға және жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етеді.