Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 08 қараша күні ТжКБ педагогтер арасында «Digital Kazakhstan: цифрлық білім берудегі тәжірибелер, идеяларлар, перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты- заманауи инновацияны жетік меңгерген ұстаздардың білім берудегі озық технологиясын дамытудың негізгі тенденциялары туралы тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық білім берудің теориясы мен практикасын өзара әрекеттестіру болып табылады.
Республикалық конференцияға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Бердибаев Елнур Ернұрұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к., PhD докторы Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Муксиева Нургуль Едиловна, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Байғабыл Айгерім Кенжеқызы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №7 Бетқайнар колледжі директорының ақпараттық жүйелер жұмысы жөніндегі орынбасары Исмагамбетова Нургуль Женесовна т.б. елімізде оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым-ұстаздарымыз қатысты.
10 облыстың 18 колледжінен 3 секция бойынша 30 оқытушы баяндама оқыды. Секция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Конференция соңында үздік баяндама авторлары диплом, алғысхаттармен марапатталды.