24.10.2025ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінінде Қазақстан тарихы пәнінен студенттер арасында «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты колледжішілік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты: білімгерлердің Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығын арттыру, тарих саласында іс жүзінде қабілеті бар, Қазақстан тарихын білетін, білімді дарынды студенттерді анықтау және мадақтау, өскелең ұрпақтың тарихқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Олимпиада Smartnation порталы арқылы өткізілді. Студенттер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенді қатысты.
І орын алған білімгерлер: Амангелді Айым, Үкібай Таңнұры;
ІІ орын-Ғазизқызы Балнұр, Еркебаева Дана;
ІІІ орын- Бақберген Аяна, Даниярбек Фариза.
Жеңімпаздар және белсенді қатысқан білімгерлер колледж директорынан Дипломмен және Алғыс хатпен марапатталды.