05.12.2024 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде “Шетел тілі” ПЦК-ның ұйымдастыруымен өткізілген ағылшын тілі апталығы аясында “Digital Kazakhstan: Білім берудегі жасанды интеллект технологиясының ағылшын тілін үйренудегі маңыздылығы” тақырыбында колледж және мектеп ( 10-11 сынып) оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты: Тіл үйренудегі заманауи технологиялар: жасанды интеллекттің тіл үйренудегі мүмкіндіктері, қиындықтары мен жасанды интеллектті қолдану бойынша практикалық ұсыныстар арқылы тәжірибе алмасу. Конференцияға жалпы 18 білімгер қатысты. Төрешілердің шешімі бойынша:
1 - ші дәрежелі дипломмен Мейрамбек Динара ( Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі.)
2 - ші дәрежелі дипломмен Муратова Камила, Алиахунова Шахзада (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі ) Мырзабай Айым ( Жамбыл жоғары медициналық колледжі)
3 - ші дәрежелі дипломмен - Жақсылық маржан ( Тараз-Болашақ жоғары медициналық колледжі ЖШС, Қайрат Н., Қырғызбай А., Қуанышбекқызы М. (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі) қалған білімгерлер номинациялармен марапатталды.