11.12.2024 күні М.Х Дулати атындағы Тараз университеті , «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Курумбаева Жанна Мырзакуловна «Хореография өнері» мамандығы бойынша «Работа над постановкой казахского сюжетного танца» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Оқытушы шебер-сыныпта білімгерлер арқылы зал ортасында сюжетті этюд көрсетіп тәжірибесімен бөлісті.
Қазақ биінің терминологиясы мен қол қимылдарының ерекшеліктерімен таныстырды.
Сюжеттік қазақ би қойылымының топтық бөлімдерін, сюжеттік бидің мәнерлілігін ашуға, пластикасын жетілдіру және іске асыру әдістерін зал ортасында білімгерлермен бірге көрсетті.
Ұстаздар мен студенттер керемет әсер арқалап қайтты.