қашықтық ғылыми жоба байқауы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 10.11.2022 ж. көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ мемлекетінің ішкі билігіне, сыртқы саясатына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Қаз дауысты Қазыбек би: тұлға және мемлекет» тақырыбында студенттер арасында қашықтық ғылыми жоба байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттердің ғылыми-инновациялық ойтолғауларын қалыптастыру, шешендік өнерді, Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Байқау жобалары үш секция бойынша тыңдалады:
−« Шешендік өнер және тіл мәселесі»;
− «Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны»;
−«Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты»;
Еліміздің әр аймағынан келген 80-ге жуық ғылыми жобаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. Л.Ж. Мұсалы, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.А. Ахметова, Жамбыл облыстық "Aq jol" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Х.Е. Есаманов, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының ғылыми және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.К. Абжапарова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жауапты қызметкері, педагог-шебер С.Ж.Наметкулова қазылық жасады: 15 жұмыс талапқа сай келмегендіктен кері қайтарылды.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды:
1-орын - А.Б. Мырзағали, Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі;
2-орын- Шаукен М.Б., «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбек» колледжі;
3-орын-Нурымбетова С.А, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда қаласы;
Сонымен қатар, номинация иегерлері анықталды:
-«Зерделі зерттеуші» - Ә.С. Елемесова, «Алғыр ой» - М.Б. Бекпаева, Ж.Т. Қаржауова, «Алғыр ой» - А.У. Умиртай, «Парасатты пайым» - Ш. Асхатқызы, «Парасатты пайым» - А. Марат, «Жаңашыл идея» - Е.А. Сериккалиева, «Жаңашыл идея» - А.Б. Бақытбек
Барлық қатысушыға жинақтың электронды нұсқасы мен алғысхаттар табысталды.