ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«DalaSkills-2026» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
2026 жылдың 12-16 мамыр күндері Ақтау қаласында WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі болып табылатын «DalaSkills» республикалық чемпионаты өтті.
Чемпионат барысында қатысушылар түрлі құзыреттіліктер бойынша бақ сынап, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Сайыс алаңында студенттер кәсіби біліктіліктерімен қатар, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде
🏆 «Ұлттық былғары қолөнері» құзыреттілігі бойынша
Есенбекқызы Ақнұр — І орын
🏆 «Киіз өнері» құзыреттілігі бойынша
Серікбай Айханым — І орын
Сондай-ақ шәкірттерімізді биік белестерге жетелеген жетекшілерімізге алғыс білдіреміз:
👏 Тулегенова К.Р.
👏 Камысбаева А.А.
Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістік және жаңа жеңістер тілейміз!