«АТАСЫ АСЫЛ СӨЗДІҢ – АҚЫН АБАЙ» тақырыбындағы облыстық ХVІІ «Абай оқулары» байқауы
2026 жылғы 17 қараша күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған «Атасы асыл сөздің – ақын Абай»атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылар ұлы ақынның поэзиясын нақышына келтіре оқып, қара сөздерінің терең мағынасын ашып, Абай әлеміне деген сүйіспеншіліктерін өнерлері арқылы жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы
марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, Абайдың кітаптары сыйға тартылып, жас ұрпаққа рухани құндылығы мол тарту жасалды.
Бұл байқау – тек өнер додасы ғана емес, Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық пен ұлттық рухты сіңіруге бағытталған тағылымды кездесу болды.