05.12.2023ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен кешенді жоспар аясында “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен “Қаржылық сауаттылық-сенімді болашақ кепілі” тақырыбында ашық алаң өтті.
Іс-шара студенттерге қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік туралы түсінік бере отырып, өз қаржысына өзі иелік ететін сенімділікті нығайту, қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашу мақсатында өткізілді.
Ашық алаңға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультеті, «Экономика, менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Экономика магистрі, Ұлы дала ауылдық бизнесті дамыту ассоциациясының Қаржы сарапшысы, “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша жүргізілген “Қаржылық сауаттылық” курсының бизнес тренері Г.С.Алтаева, Жамбыл облысының коммерциялық емес ұйымдар Ассоциациясы", заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы А.О.Заурбекова, «Villa stroy» ЖШС құрылыс компаниясының директоры, Қазақстандық бренд «Zhibek couture» әйелдер киімінің негізін қалаушы, психолог А.Х.Байназарова, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Тараз филиалы бойынша менеджері А. Болатұлы қатысты.
Пікір алмасу барысында студенттер: