2026 жылдың 13 сәуір күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Жаратылыстану және информатика» ПЦК-ң «Оқу процесіндегі инновациялық үдерісті жетілдіру» тақырыбында апталығының ашылуы өтті. Апталықтың бірінші күні «Ақпараттық – танымдық күн».
Білімгерлердің пәнге қызығушылығын арттырып, оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту және заманауи білім беру талаптарына сай құзыретті тұлға қалыптастыру мақсатында интеллектуалды ойындар ойнатылды және жаратылыстану ғылымдарының ғажайыптарының көрінісі ұсынылды: физикалық ғажайыптар, роботтар шеруі, биология – тіршілік, геоәлем саяхаты, химиялық реакциялар, логика лабиринті.