30.01.2026 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде "Халық аспаптары" ПЦКсының апталығының аясында баян аспабының мұғалімі Жаңбырбаев Н.Ж. және прима қобыз аспабының мұғалімі Маманова С.Б. ұйымдастыруымен “Музыкалық аспап меңгертудегі ЖИ мүмкіндіктері” атты қалалық шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныпқа Меркі ауданынан, Жамбыл ауданынан, Байзақ ауданынан және т.б. аудан, қала мектептерінен ұстаздар қатысып, шеберлік сыныпқа қатысқандығын растайтын сертификаттармен марапатталды.
Шеберлік сыныптың мақсаты - музыкалық аспаптарды үйрету үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктерін көрсету, оқытушылар мен білім алушыларды заманауи цифрлық құралдармен таныстыру, жеке оқыту траекториясын құру, орындаушылық шеберлікті дамыту және оқу тиімділігін арттыру жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерту.