Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2025 жылдың 2-ші желтоқсан күні өткен “The Great Poet of the Kazakh Nation – Abai Kunanbayev” атты қалалық фонетикалық конкурс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 9-сынып оқушыларының ағылшын тіліндегі фонетикалық шеберлігін, шығармашылығын және ұлы ақын мұрасына деген құрметін тағы бір мәрте айқындады. Бұл конкурс 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында өтті.
Байқау үш кезеңнен тұрып, қатысушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерін түсіндіріп, онлайн-викторинада ақын өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетті. Әр оқушы өзін сенімді ұстап, үздік дайындық пен талантын танытты.
Құрметті қазылар алқасы барлық кезеңдерді әділ бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал басқа қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды.
Абайдың даналығы әрдайым жастарға бағыт-бағдар болып, биік шыңдарға жетелей берсін!