05.06.2024 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Нуралиева «Академиялық адалдық саясатының принциптері. Адалдық Кодексі» тақырыбында топ басшылары және "Саналы ұрпақ" клубының мүшелерімен әңгіме-сұхбат өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 28 наурызында №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс –қимыл жоспарының 55-тармағын жүзеге асыру және студенттердің білімін бағалау жүйесінің сапасын жақсарту аясында колледждің академиялық адалдықты енгізу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Әнгіме-сұхбат барысында студенттерге колледжде бекітілген «Академиялық адалдық кодексінің» мақсат-міндеттері, жалпы ережелері таныстырылып, академиялық адалдық принциптері нақтыланып, шыншылдық, білім алудағы ашықтық, студенттердің құқықтары, міндеттері мен бостандықтарын қорғау т.б. мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау, оны болдырмау, "Таза сессия" сауалнамасының жүйелі алынуы жайында айтылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, білім беру үрдісіне қатысты мәселелер талқыланды.