07.12.2023ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен “Абылай хан дәуіріндегі Қазақ хандығы” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара студенттерге қазақ тарихында маңызды орын алатын, ұлттық рух беретін тұлға Абылай хан өмірі мен Қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы ерлігі туралы пікір алмасу, жас ұрпақтың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.Дөңгелек үстелге М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Қ. Серікбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.А.Джурсунбаев қатысты. Пікір алмасу барысында студенттер:
-Абылай – дарынды қолбасшы және шебер дипломат.
-Абылайдың жүргізген сыртқы және ішкі саясаты.
-Абылайдың тарихи тұлға ретіндегі рөлі -туралы сұрақтар қою арқылы өз ойларымен бөлісті.