31.01.2023 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде "2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығын қорытындылау" тақырыбында Қамқоршылық кеңес өтті.
Кеңес барысында колледж директоры А.Д.Биназаров "Колледждің оқу, материалдық, ақпараттық, қаржылық базасын нығайту мен жетілдіру жолдарында атқарылып жатқан жұмыстар" тақырыбында есеп берді.
Сонымен қатар директордың оқу өндірісі жөніндегі орынбасары Н.Ә.Жақсымбетова, әлеуметтік педагогі З.Б.Сарсебаева, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы А.Ж.Оразбек сөз сөйлеп ұсыныстарын айтты.