Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-ші курс студенттері дуальды оқыту жүйесі бойынша Тараз қалалық білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күні»практикасының екінші күні 1-сынып мұғалімінің сабағы мен мектептегі алғашқы күнгі жұмыс ырғағын бақылап, оқушылардың мектепке дейінгі ұйымынан алған базалық дағдылары мен даярлық деңгейіне зерттеу жүргізді.