26.09.2022 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, классик жазушы М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған республикалық «ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ» атты танымдық-шығармашылық фестивалі аясында «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ» үздік инновациялық жоба қашықтық байқауы өтті.
Мақсаты: ЖаҺандық білім беру кеңістігіне ену жағдайында М.О.Әуезов шығармаларын инновациялық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы ұлттық кодты сақтаған кәсіби маман даярлау.
Байқауға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі оқытушыларының жұмыстары ұсынылып, «Үздік бейне сабақ» және «Үздік шебер-сынып» бағыты бойынша жүлделі орындарға ие болды:
І орын - Елибаева Лариса Олжатаевна, педагог-шебер.
ІІ-орын - Сейдалиева Сандыгуль Ертаевна, педагог-сарапшы.
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЛКЕН ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ.