Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж студентінің Ар-намыс кодексі
Мен, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті, еліміздің білімді және жоғары адамгершілікті мамандар даярлау бойынша колледж миссиясының іске асыруда өз жауапкершілгімді сезіне отырып, Жамбыл облысының білім беру жүйесінің жетекші мекемесі ретінде колледж беделін сақтау, студенттік қауымдастығының корпоративті мәдениетін қолдау мен дамытуды борышым деп есептей отыра, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж студентінің осы Ар-намыс кодексін қабылдаймын және оны орындауға міндеттенемін.
1- бап. Студент - Қазақстан Республикасының абыройлы азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби маманы болуға, өзіндік шығармашылық тұлғаның үздік қасиеттерін дамытуға ұмтылады.
2-бап. Студент үлкендерге құрметпен қарап, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпей, әлеуметтік қорғалмаған жандарға түсіністік танытып, оларға мүмкіндігінше қамқор бола алады.
3-бап. Студент - тәртіптің, мәдениет пен моральдің үлгісі, келеңсіз жағдайларды және жынысы, ұлты және діні бойынша бұрмалаушылық құбылыстарын болдырмайды.
4-бап. Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әдеттерден толық бас тартады.
5- бап. Студент колледждің дәстүрлеріне құрметпен қарайды, мүлкін сақтайды, тазалығы мен тәртібін қадағалайды.
6- бап. Студент шығармашылық белсенділікті дамытуға, колледждің корпоративті мәдениеті мен беделін арттыруға бағытталған кез келген қажетті және пайдалы әрекетті жасай алады.
7- бап. Студент колледж қабырғасынан тыс жерде өзінің гуманитарлық колледждің өкілі екенін әрдайым есінде сақтап, оның беделін түсірмеу үшін барлық күшін салу керек.
8- бап. Студент академиялық құйтырқылардың барлық түрімен күресуді өзінің борышы деп есептеу керек. Оның арасында, білім бақылау процедураларын өтеуде, басқаларға көмекке жүгінуге немесе көшіріп алуға, жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік байланыстарды пайдалану, себепсіз сабақтарды босату және кешігіп келуді, (бұл – академиялық құйтырқылар) Қазақстанның абыройлы, болашақ экономикалық, саяси және басқару зиялыларының сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда үлкен кедергісі ретінде қарастырады.
9 -бап. Кодекс ережесін бұзғандығын білген студент өз күшімен түзетуге немесе әкімшілік пен студенттік өзін-өзі басқару органдарына осы туралы хабарлауға тиіс.