Кәсіптік практика
Педагог кадрларын дайындауда колледж студенттерінің кәсіптік тәжірибесі - оқу-тәрбие үрдісінде маңызды рөл атқарып, болашақ педагог мамандарды теориялық және практикалық даярлаудың арасындағы байланыстырушы буын болып саналады, өйткені, педагогикалық тәжірибе оқу орнының тұтас педагогикалық процесінің бөлінбейтін бір бөлігі бола отырып, болашақ мұғалім-маманды дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Колледжде кәсіптік тәжірибе жинақтау үрдісі жалпы және арнайы пәндерді тереңдетіп оқытуға, машықкердің мектеп, балабақша, мұражай, театр, өнер мектептерінің өміріне бейімделуіне, педагогика, психология және жеке пән әдістемелері бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибе кезінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Кәсіптік тәжірибенің мақсаты- білім алушылардың нәтижеге бағытталған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, таңдалған мамандық бойынша кәсіби қызметін өз бетімен орындау үшін қажет біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру және тәжірибе кезінде білім алушылардың кәсіби білімін көтеру.
Педагогикалық тәжірибе білім стандарттарына және мамандықтардың профиліне қарай білім беру мекемелері мен мәдениет саласындағы мекемелерде өткізіледі.
Педагогикалық практика жалпы ғылыми, психология-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады және бүкіл оқу мерзімі бойы әр курста өткізіледі:
1) 2-курстың білім алушыларының психология-педагогикалық практикасын;
2) 3-курстың білім алушыларының оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасын;
3) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды.
Педагогикалық практика үздіксіз болып табылады және теориялық оқытумен қатар өткізіледі.
Оқу орнында кәсіптік және техникалық білім берудің заманауи үлгісін құру бағдарламасының жүйелік өзгешеліктеріне сәйкес әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынас орнату қолға алынған.
Колледжде тәжірибе жинақтау- білім беру мекемелерімен сабақтастықты дамыта отырып, мамандардың шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында өз міндеттерін орындайды. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету болашақ мұғалімдерді кәсіптік машықтан өткізіп даярлаудың тиімді нысаны болып табылады.
Кәсіптік тәжірибе жинақтау «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларына» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығы) сай жасалған кәсіптік тәжірибе жинақтау ережесі бойынша өткізіледі.
Колледжде ұйымдастырылатын кәсіптік тәжірибе Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады және мамандықтар бойынша кәсіптік біліктілік деңгейіне байланысты төмендегі машық түрлерін өтеді:
Кәсіптік практиканың түрлері
1. Оқу тәжірибесі |
2. Педагогикалық тәжірибе |
3. Өндірістік диплом алдындағы тәжірибе |
- Педагогикалық қызметке кіріспе - Сыныптан тыс жұмыс технологиясы - Жаратылыстану бойынша тәжірибе - Жұмысшы мамандық бойынша оқу тәжірибесі - Білім алушының таңдау пәні бойынша практика - Байқау тәжірибесіне даярлық -Жазғы тәжірибеге даярлық -«Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесі -Интернетпен жұмысқа даярлық - Өндірістік диплом алдындағы тәжірибеге даярлық |
- Педагогикалық қызметке кіріспе - Сыныптан тыс жұмыс технологиясы - Жұмысшы мамандық бойынша оқу тәжірибесі -Білім алушының таңдау пәні бойынша практика -Байқау тәжірибесі - Сауықтыру лагеріндегі жазғы тәжірибе
|
- Өндірістік диплом алдындағы тәжірибе |
Кәсіптік даму қызметінің бағыты
Оқу тәжірибесі |
Педагогикалық тәжірибе |
|
|
Технологиялық |
Диплом алдындағы |
Бағыты |
||
Білім алушыларды жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді тереңдетіп зерттеуге дайындау, кәсіптік тәжірибелік құзырлықты, таңдаған мамандыққа дағды мен іскерлікті қалыптастыру. |
Тұтас кәсіби қызметті меңгеру үшін арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту және бірізділікке келтіру. |
Алғашқы кәсіптік тәжірибені меңгеру, білім алушына өз бетімен еңбек етуге бағытталған кәсіптік дайындығын тексеру, дипломдық жобаға қажет құжаттар мен әдістемелік портфолио жасақтау. |
Тәжірибенің өтетін орны |
||
Колледждің оқу ғимаратында |
Келісім-шарт бойынша меншік нысанына қарамастан мектептер, мектептен тыс және қосымша білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің барлық түрлерінде ұйымдастырылады. |
Келісім-шарт бойынша меншік нысанына қарамастан мектептердің барлық түрлерінде ұйымдастырылады. |
Сапалы мамандар даярлауда тәжірибенің барлық түрлері бойынша тұрақты түрде мекемелер бекітілген.
2018 жылдан бастап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білімгерлері дуалды оқыту жүйесі негізінде - №26 «Нұрай» және №28, №19,№15,№9 бөбекжай- бақшаларға бекітіліп, бүгінгі таңда кәсіптік тәжірибесін жалғастыруда.
Колледжде штаттық кестеге сәйкес директордың оқу-өндірісі жөніндегі орынбасары жұмыс жасайды. Жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыта отырып, мекемелермен жүргізілетін жұмысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.