28 қыркүйек күні колледждің жас мамандарына арналған «Сабақ түрлері және оқытушының сабақ өткізу шеберлігін арттыру тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.
Жаңа оқу жылының жылдық жоспарын, жас мамандарға жоспар бойынша өтілетін іс-шаралардың қазіргі талапқа сай мерзімінде өтілу керектігін, сапалы болуын айтты.
Жас мамандар мектебінің отырысы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілді. Колледж әдіскері А.Данебаева жас мамандардың оқу жылындағы атқаратын жұмыстарының мазмұны мен сапасына жауапкершілікпен қарауды ұсынды. Колледжіміздің жас мамандарымен колледж психологы Ұ.Мелдебекова «Қарым-қатынас әдебі» тақырыбында тренинг жүргізді.
Тренинг барысында өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігі, тұлға аралық қатынас мәдениетіне байланысты жаттығулар
жүргізілді.