2022-2023 оқу жылының 9.06.2022-20.06.2023 жыл аралығында 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының, 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес А-1-19, А-2-19 топтарында қорытынды аттестаттау өтті. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 29 тамыз № 360 бұйрығына сәйкес жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және 35%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасында құрылған. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша 50 білімгер қорытынды аттестаттау тапсыруға жіберілген.
Қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізуді ұйымдастыру, студенттің барлық кәсіби оқу бағдарламасының пәндерінен оқу жетістіктерін сынау және студенттің академиялық кезеңіндегі оқу жетістіктерін, алынған теориялық білімдерін, олардың меңгеру беріктігін, шығармашылық ойлаудың дамуын, өзіндік жұмыс машықтарын, алынған білімдерін жүйелеу біліктілігін және оларды тәжірибеде қолдануын бағалау мақсаты болып табылады.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау келесі пәндерден кешенді емтихан өткізілді жалпы кәсіптік пәндерден кешенді емтихан (психология, педагогика, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі, жаңа педагогикалық технологиялар) және арнайы пәндерден кешенді емтихан (шетел тілі практикумы, теориялық грамматика, практикалық грамматика, практикалық фонетика, үйден оқу, шетел тілін оқыту әдістемесі).