Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2022-2023ж. қорытынды аттестаттау нәтижелері
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қорытынды аттестаттау тапсыруға 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінің Б-1-19, Б-2-19, Б-3-20 топтарында мемлекеттік тапсырыс негізінде 64 білімгер жіберілуге рұқсат берілген бұйрыққа сәйкес қатыстырылды. Қорытынды аттестация 2023 жылдың маусым айының 12-21 дейінгі мерзім аралығында ұйымдастырылып өткізілді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
Емтихан сұрақтары 30 билет дайындалып, үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жазылды.
Қорытынды аттестаттау «Педагогика, психология және әдістемелер», Арнайы пәндер: қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру пәндері бойынша өткізілді.
Білім сапасы – 95,3%, орта ұпай – 4,2.
Қорытынды аттестаттау біліктілік комиссиясының шешімімен бітіруші білімгерлерге 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі берілді.