Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, 080000, Тараз қаласы, Пушкин көшесі 52. Анықтама, байланыс номері: 8 705 614 87 43, электронды пошта: abai_college2012@mail.ru
- Концертмейстер (тұрақты бос орын-4 бірлік)
- Домбыра аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-2 бірлік)
- Баян аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Жетіген аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-2 бірлік)
- Альт қобыз аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Контрабас аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Арнайы фортепиано аспабының оқытушысы (тұрақты бос орын-2 бірлік)
- Хор дирижеры оқытушысы (тұрақты бос орын-2 бірлік)
- Педагог-хореограф (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Академиялық ән салу оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Эстрадалық ән салу оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік )
- Дәстүрлі ән салу оқытушысы (тұрақты бос орын-1 бірлік)
- Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы (уақытша бос орын-4 бірлік)
- Сәндік қолданбалы өнер ( металл, мүсін, қыш, ағашты көркемдеп өңдеу) (уақытша бос орын-4 бірлік)
- Актерлік шеберлік мамандығының оқытушысы (тұрақты бос орын-2 бірлік)
- Оқу бөлімінің меңгерушісі (тұрақты бос орын-1 бірлік) бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Оқу бөлімінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері:
педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.
Лауазымдық міндеттері:
Оқытушы: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Еңбекақы мөлшері:
Лауазым атауы
- Оқытушы – 2 бірлік - 180000 теңге
- Оқу бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік - 180000 теңге
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды өткізу мерзімі: 26.08.-04.09.2024жж. күндері аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, 080000, Тараз қаласы, Пушкин көшесі 52.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялықұйымнананықтама;
- наркологиялықұйымнананықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.