Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, кез келген процесті, қазіргі жағдайда, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.
Колледж қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықталған, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Колледждегі компьютерлер саны-213, компьютер сыныптар саны-8, сервер-1, интерактивті тақта саны -27, интерактивті панель саны-11 құрайды. 2021 жылы сатып алынған 3d және 19 лазерлік принтерімен толыққан.
2018 жылы |
2019 жылы |
2020 жылы |
2021 жылы |
2022 жылы |
Компьютер-143 Принтер – 29 Интерактивті тақта-22 Проектор – 26 LED экран – 1 |
Компьютер-168 Принтер – 29 Интерактивті тақта-22 Интерактивті панель- 1 Қабырға проекция экраны -20 Проектор -26 LED экран – 1 Ардуино -8
|
Компьютер-168 Принтер – 29 Интерактивті тақта-22 Интерактивті панель- 10 Қабырға проекция экраны -20 Проектор -26 LED экран – 1 д Ардуино -8 дана
|
Компьютер-213 Принтер – 39 Интерактивті тақта-28 Интерактивті панель- 10 Қабырға проекция экраны -20 Проектор – 31 LED экран – 1 Ардуино -8
|
Компьютер-213 Принтер – 39 Интерактивті тақта-28 Интерактивті панель- 10 Қабырға проекция экраны -20 Проектор - 31 LED экран – 1 Ардуино -8 Лицензиялық бағдарлама – 70 Базалықробототехникалық жиынтық-10 LegoMindStorm жиынтығы-2 |
Индустриялдық қоғамнан ақпараттық қоғамаға өтпелі осы кезеңде, ауқымды ақпаратты жүйе- интерент желісінің маңызы зор. Осыған орай оқу іс-әрекетінің барлық түрлері мен педагогикалық қарым-қатынас технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру үшін колледждің Internet-ке шығу сыртқы телекоммуникацилық порталды өткізу қабілеті 10 Мбит/с-тан 30 Мбит/с жоғарлатылды, жоғары жылдамдықты WI-FI желісі жұмыс жасайды.
Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді, қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жүзеге асыратын ғимараттағы барлық компьютерлер өткізу қабілеті 1 Гбит бірыңғай жергілікті желіге біріктіріліп арнайы шкафта жинақталған.
Электрондық оқулық саны-1190 дана. Колледж «КАБИС. Standard» – автоматтандырылған кітапхана қоры, жабдықтау мен өңдеу процесін жүйелеуге, электронды каталогтарының мәліметтер базаларын құруға және олармен ақпаратты іздеуін қамтамасыздандыруға арналған жүйеге қосылған.
Колледж оқытушыларынан өзі оқытатын пәндерден 100-ге жуық бейне сабақтар жасалып колледждің ютуб каналына салынған және таңдамалы сабақтары "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының сайтының бейнесабақ каталогына енді.
Мекеме жұмысын насихаттау мақсатында үш тілде колледж сайты, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілері арқылы өткізілген іс-шараларды жариялау жұмыстары жүргізілуде.
Колледж сайты: abaicollege.edu.kz
Facebook парақшасы: https://www.facebook.com/abaicollege.kz/
Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/abai_college2012/
Youtube каналы: https://www.youtube.com/channel/UChXPOC9Q_2TE1kvfFZAMfsA
Педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру: «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру», «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 36 сағат, 2020ж. «Педагогтардың цифрлық құзырлығын дамыту», «Өрлеу» БАҰО, 72 сағат, 2021 ж. Барлық педагогтар осы курстардан 100% өткен.
Киберқауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырылуы: Колледждегі барлық компьютерлеріндегі басқару, компьютерлерді пайдаланушыларды бақылау, білім беру орталығындағы телефондарға тыйым салу жұмыстары жүргізілуде. Интернет желісі құпияланған, арнайы мекемелер сертификаты қойылған.
Колледж оқытушылары мен білімгерлері үздік цифрлық платформаларды пайдалануы: Олар - College SmartNation, microsoft teams, jitsi meet, office365, zoom, google қосымшалар (Google duo, hangouts, google classroom, youtube, google forms, google disce т.б)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің онлайн режимде жұмыс істейтін ұлттық білім беру деректер қоры 100%-ға толтырылған.
Оқу процесінде қолданылып жүрген теориялық оқыту журналы, студенттердің көрсеткіштері туралы ақпарат, сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысуы, жұмыс жоспары сынды маңызды элементтер электронды форматта жүргізілуде. Бұл оқытушылар мен студенттердің жұмысын жеңілдетті.
Жаңа жүйенің басты артықшылығы – құжат айналымын қағазбастылықтан арылтып, оқу процесін толықтай оңтайландыруында болып отыр. Сондай-ақ, кәсіби білім беру жүйесіндегі бизнес-процестерді жақсартып, колледж қатысушыларының шағымдарын азайтуға мүмкіндік береді. Білім алушыларға қойылатын баға да әділ болады.
Осыған орай колледжде цифрландыру, ақпараттандыру жөніндегі бағдарлама 2019 жылы zhambyltipo.kz, 2021 жылдан college.snation.kz порталы жұмыс жасайды.